Балабақшада мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункт жұмыс істейді.
Мұнда әдіскер, педагог-психолог және медбике баланың дамуы, тілі, мектепке дайындығы, денсаулығы мен мінез-құлқы туралы тегін кеңес береді.
Кеңеске жазылу үшін виртуал қабылдау арқылы өтініш қалдырыңыз немесе балабақшаға қоңырау шалыңыз.